Қазақстанда жетім балалар әскерге қабылданады ма?
Вопрос:
Қазақстанда жетім бала әскери қызметке шақырудан бас тарта ала ма?
Ответ:
См. статью на русском языке
Әскерге шақыру тәртібі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңмен реттеледі.
Аталған Заңға сәйкес, жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген және 12 ай мерзімге мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер азаматтары әскерге шақырылушылар болып табылады. <Заңның 1-бабы 6) тармағы, 24-бабы, 31-бабы>
Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
- денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
- жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
- туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;
- басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
- "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
- ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
- тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
Сонымен қатар соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды. <Заңның 36 - бабы>
Осылайша, ата-аналардың болмауы әскерден босататын себептердің тізімін қамтымайды.
Данный материал отражает личную точку зрения автора и носит рекомендательный характер. Материал основан на нормативных правовых актах, действующих на дату публикации.